Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанға мобилизациядан қашып келген шешен: "Ұлдарымды соғысқа жібермеймін" 01 қазан 2022, 10:58

"Уральская неделя" газетінің журналистері мобилизациядан Оралға қашқан ресейліктермен сұхбаттасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Қазақстанға мобилизациядан қашып келген шешен: "Ұлдарымды соғысқа жібермеймін" Қазақстанға мобилизациядан қашып келген шешен: "Ұлдарымды соғысқа жібермеймін"

"Уральская неделя" газетінің журналистері мобилизациядан Оралға қашқан ресейліктермен сұхбаттасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым кейіпкерлерінің бірі - Мәскеуден 18, 23 және 26 жастағы үш ұлымен келген шешен Ахмед. Олар шекарадан өту үшін бірнеше күн күткен, автобус жүргізушісіне төртеуі үшін 10 мың рубль берген.

Ер адамның айтуынша, ол Қазақстанға келгеніне қуанышты.

"Демалған соң, Түркияға жол тартамыз", - деді ол.

Ахмет Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласында дүниеге келген. Ол бір жасқа толғанда ата-анасы Шешенстанға көшіп кетті. Оның айтуынша, 24 ақпанда Путин Ресей әскерінің Украинаға басып кіретінін жариялағанда ауырып қалған.

"Мен 24 ақпаннан бері жұмыста әріптестеріме бұл соғыстың абыройсыз екенін ашық айтып келемін. Ал айналамдағы жастарға айтарым, сендер саясатқа қызығуларың керек, саясаткерлердің не істеп жатқанын білулерің керек. Қазақстанға соғысқа қарсы пассив оппозиция келді. Олар Путиннің саясатын қабылдамайды. Оны қолдайтындар мұнда келмеді. Ал ол жақта Ресейде белсенді оппозицияны сойылмен ұрып жатыр. Олар митингілерде, түрмеде отыр", - деді Ахмед.

Ахмет Шешенстандағы екі соғыстан аман қалды. Ол жараланған, снаряд жарылысынан үйсіз қалған. Ол Саратовта өмірін жаңадан бастады.

"Ресей Украинамен де, украиналықтармен де Шешенстанмен бірдей әрекет етіп жатыр. Мен соғыстың не екенін білемін. Олар мобилизация туралы хабарлаған бойда мен ұлдарымды әкетуге асықтым, сол кезде олар түрлі қалада еді. Мәскеуден үлкен ұлдарымды, кішісін Саратовтан алып кеттім. Сонда үш балам мен әйелім қалды. Мен ұлдарымның соғысқа кетуіне, украиналықтарды өлтіруіне немесе өлуіне ешқашан жол бермеймін", - деді ер адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram