21 мамыр 2014 21:45

Қазақстанға тиесілі БТР-4 Украинаға жетілдірілу үшін жөнелтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

БТР-4. Сурет army-guide.com сайтынан алынды БТР-4. Сурет army-guide.com сайтынан алынды

Астана мен Киевтің 2012 жылы уағдаласқан өндірісіндегі БТР-4 Қазақстандағы сынақта кінараттары барын байқатты, сондықтан сынаудағы брон техникасының ескерту алған жерлерін жетілдіру үшін Украинаға жөнелтілді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан"


Астана мен Киевтің 2012 жылы уағдаласқан өндірісіндегі БТР-4 Қазақстандағы сынақта кінараттары барын байқатты, сондықтан сынаудағы брон техникасының ескерту алған жерлерін жетілдіру үшін Украинаға жөнелтілді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан"

"Бұл машина Қазақстанға сынақтан өткізу үшін ұсынылған, ол басты сынақ ережелерінен өтті, бірақ ескертулер жасалды. Қазір ол Украинада жөндеуде тұр" деді Астанада 21 мамырда өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы басқармасының төарағасы Болат Смағұлов.

"Қарулы күштер тарапынан ескертулер болды, сондықтан біз украин тарапы көрсетілген кемшіліктерді жойғанын күтіп отырмыз" - деп түсіндірді ол. "Техниканы жетілдірген соң Украина брон техникасын тағы да сынаудан өткізу үшін Қазақстанға ұсынады. "Осы сынақтан өткенде ғана олардың қорғаныс саласына тасымалдануы жайында сөз қозғауға болады" - деп нақтылады Смағұлов.

"Укроборонпром" және "Қазақстан Инжиниринг"  мемлекеттік концерндері БТР-4-ті бірігіп жасау туралы келісімшартқа "Қару-жарақ - KADEX-2012" халықаралық көрмесі аясында қол қойған болатын. Жоба аясында БТР-4-ті біріге құрап шығарумен қатар, украин тарабы технологиялық желіге қажеттілерді және біріккен өндіріс үшін қажетті құрама бөлшектерді тасымалдауға, сондай-ақ жұмысшыларды даярлауға міндеттеме алған.

Жобаның алдын ала жарияланған сомасы шамамен 150 миллион долларды құрайды. Келісілген шарттарға сәйкес, "Семей Инжиниринг" АҚ брон танктерін жөндеу зауыты кешенінде 100 машина жасап шығару жоспарланған. 2012 жылы БТР-4-тің онын, 2013 жылы - тоқсанын өндіру туралы мәлімделген. 2010 жылдың қарашасында "Укроборонпром" мен "Укрспецэкспорт" мемлекеттік концерндерінің "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясымен уағдаластығы шеңберінде "Семей Инжиниринг" АҚ брон танктерін жөндеу зауытында ауыр брон техниканы күрделі жөндеуден өткізетін біріккен өндіріс іске қосылған.  

БТР-4 2000 жылдардың басында "Укроборонпром" құрамына енетін Морозов атындағы брон машинасын жасау комбинатында (Харьков) даярланған, ол мотоатқыштар бөлімшесінің жеке құрамасын тасымалдауға және оларды қарулы қақтығыста қолдауға бағытталған. БТР түрлі жағдайда, соның ішінде дұшпан жаппай талқандаушы қару қолданғанда да әскери іс-қимыл жүргізуге қауқарлы бөлімшелерді жарақтандыруға негізделген. БТР жедел ден қою күштері мен теңіз жаяу әскерін жарақтауға арналған базалық көлік те бола алады.

БТР күндіз де, түнде де, әртүрлі климаттық жағдайда да, ұңғыл-шұңғыл жолдарда да алдына қойылған міндетін қалтқысыз атқара береді. Ол минус 40-тан плюс 55 градус температураға дейін төзімді. БТР 500 аттың күшіне сай 3ТД-3 қозғалтқышымен жарақтанған.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети