Қазақстаннан айына 4-5 миллиард доллар шығарылған - экс-сенатор

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Atameken Business © Atameken Business

Қазақстан заңсыз шығарылған капиталды халықаралық соттардағы талап-арыздар арқылы қайтаруы керек. Мұндай пікірді Atameken Business телеарнасында экс-сенатор Уәлихан Қайсаров пен тәуелсіз қаржы талдаушы Андрей Чеботарев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан заңсыз шығарылған капиталды халықаралық соттардағы талап-арыздар арқылы қайтаруы керек. Мұндай пікірді Atameken Business телеарнасында экс-сенатор Уәлихан Қайсаров пен тәуелсіз қаржы талдаушы Андрей Чеботарев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Активтерді қайтару науқанының тиімділігіне (Бас прокуратура мәліметі бойынша, 230 миллирад теңге қайтарылған) пікір білдірген қос спикер де бұл үдеріс тез болмайтынын айтты. Қазақстанның талаптары халықаралық соттарда қаралған жағдайда жеке активтерді қайтару бес жылдан жеті жылға дейін созылуы мүмкін.

Экс-сенатордың айтуынша, қазір капиталды қайтару ерікті-міндетті негізде жүріп жатыр.
 
"Бұл жерде мәселе күрделірек. Осыдан үш-төрт жыл бұрын тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан 500 миллиард доллар шығарылған деген есеп бар. Мен сенатор болған кезімде де Қазақстаннан айына төрт-бес миллиард доллар шығарылғанын білемін. 500 миллиард доллар деген көрсеткіш шындыққа жақын болуы мүмкін.

Бірақ бұл жерде біз маңызды мәселені ескеруіміз керек. Иә, Бас прокуратура бұл активтерді қайтаруды сұрай алады. Бірақ демократиялық елдерде, әсіресе АҚШ пен Еуропада ақша олай оңай қайтарылмайды. Олар соттың, қазақстандық сотының заңды шешімі болған жағдайда ғана қайтарылады. Шешімді бұл елдер заңды шешім ретінде қабылдайды", - деді Уәлихан Қайсаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer