Қазақстаннан жанармай әкетпек болған 195 шетелдік жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан жанармай әкетпек болған 195 шетелдік жазаланды Бейнеден алынған кадр

Қазақстанда қосымша жанармай бактарымен жабдықталған көліктерді пайдалану арқылы жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкету фактілерін анықтау бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-не сілтеме жасап.


Бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттері маңында 59 полиция бекеті жұмыс істейді. Қызметкерлер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шекараны кесіп өтетін көлік құралдарын тексеріп жатыр.

Жыл басынан бері полицейлер заңсыз жабдықталған қосымша жанармай бактары бар 255 автокөлікті анықтады.

"Құқықбұзушылардың барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жауапкершілікке тартылғандар ішінде 195 шетел азаматы және Қазақстанның 60 азаматы бар", - деп хабарлады ведомство.

Анықтама: Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған жүргізушілерге 15 АЕК (2026 жылы шамамен 65 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Заңсыз орнатылған қосымша жанармай бактары бөлшектелгеннен кейін көліктер иелеріне қайтарылды.

ІІМ жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкету мәселесі ерекше бақылауда екенін, сондай-ақ мұндай заңбұзушылықтардың барлығы дер кезінде анықталып, жолы кесілетінін ескертті.

Еске сала кетейік, жақында Энергетика министрлігі Ресейдің отын нарығындағы жағдай аясында Қазақстанда бензин тапшылығы күтілмейтінін мәлімдеген болатын. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев хабарлады. Вице-министрдің айтуынша, Ресейге 50 мың тонна бензин гуманитарлық көмек ретінде жеткізілуі мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +30
Ақтау +30
Ақтөбе +30
Атырау +25
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +29
П
Павлодар +31
Петропавл +28
С
Семей +31
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +28
О
Орал +30
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер