21 қазан 2021 11:09

Қазақстаннан қай елдерге жиі ақша жіберіледі?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сарапшылар Қазақстаннан ақшаны қай елдерге жиі жіберетінін және қай елдерден Қазақстанға жіберілетінін есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап.


Сарапшылар Қазақстаннан ақшаны қай елдерге жиі жіберетінін және қай елдерден Қазақстанға жіберілетінін есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің ақша аударымдары жүйесі (СДП) бойынша деректері негізінде жасалған агенттік сарапшыларының есептеулері бойынша 2021 жылдың басынан бері Қазақстаннан ақша жиі жіберілген елдер арасында Өзбекстан көш бастап тұр. Елге 191 миллиард теңге жіберілген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Бұдан кейін рейтингте Түркия (127 миллиард теңге) және Ресей (122,2 миллиард теңге) тұр.

Сарапшылар 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында халықаралық аударымдар арқылы жіберілген ақша қаражатының жалпы көлемі 644,3 миллиард теңгені құрағанын айтты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,4 пайызға көп.

Сол зерттеудің деректері бойынша, Қазақстанға 2021 жылдың қаңтарынан бастап Ресейден 39 миллиард теңге ақша жіберілген. Бұл ретте осы елден жіберілген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға аз. Одан әрі рейтингте Өзбекстан (29,5 миллиард теңге) және Оңтүстік Корея (27,6 миллиард теңге).

Зерттеу деректері бойынша Қазақстандағы басқа елдерден алынған қаражаттың жалпы көлемі 186 миллиард теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,5 пайызға артық. Шетелге жіберілген қаражат көлемі алынған көлемнен 3,5 есе асып түсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети