Қазақстанның 9 облысында ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 9 облысында ескерту жарияланды Фото: elements.envato.com

Қазақстанның 9 облысында 5 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.


СҚО-да 5 наурызда түнде және күндіз қар жауатыны хабарланған. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

ШҚО-да жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады деп болжанды. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында 5 наурызда түнде және таңертең қатты жаңбыр, қар жауады, сондай-ақ тұман, көктайғақ болады. Кей жерлерде батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Ақмола облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан секундына 28 метрге дейін жел соғады.

БҚО-да тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз оңтүстік-шығысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +17
Ақтау +25
Ақтөбе +21
Атырау +24
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +21
П
Павлодар +17
Петропавл +24
С
Семей +22
Т
Талдықорған +22
Тараз +29
Түркістан +18
О
Орал +20
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер