27 мамыр 2014 19:11

Қазақстанның алты облысында қар аралас жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстанның алты облысында жел мен жауын-шашынның салдарынан дауыл тұруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК ақпараттарына сілтеме жасап.


Қазақстанның алты облысында жел мен жауын-шашынның салдарынан дауыл тұруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК ақпараттарына сілтеме жасап.

29-31 мамыр күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, арты қарға айналуы мүмкін, желдің үдеуі секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Желдің ұйытқуы секундына 25 метрге дейін болуы да мүмкін.

28 мамырдан 2 маусымға дейін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында ауа температурасы түнде 1-6 градус жылылыққа дейін төмендейді, кейбір жерлерде 0-5 градус суық, күндіз 7-12 градус жылы аралығында болады деп күтілуде.

30 мамырдан 2 маусымға дейін Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 3-8 градус жылылыққа дейін суытып, кейбір жерлерде 0-5 градус суық, күндіз 7-12 градус жылы аралығында болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети