10 тамыз 2020 14:21

Қазақстанның әскери дәрігерлері Бейрутқа жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасағы Бейрутқа аман-есен жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасағы Бейрутқа аман-есен жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бейрут халықаралық әуежайында жасақты Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Ержан Қалекенов, Ливан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі бригадалық генерал Аби Карам және Ливан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани қарсы алды.

"Біз Ливанға көмек көрсетудегі Қазақстанның осы игі ісін бағалаймыз және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз", - деді Ливан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани.

Айта кетейік, биыл сәуірде төтенше жағдай кезінде елде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақтар құрылды. Олар жедел әрекет етуге және Қарулы Күштер қолбасшылығының арнайы міндеттерін орындауға арналған. Әскери дәрігерлер еліміздің түрлі аймақтарында тапсырмаларды орындады және қазір ел басшылығының тапсырмасы бойынша Ливан халқына медициналық көмек көрсету үшін алға шықты. 

Әр түрлі жағдайда жұмыс істеу үшін арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақтың персоналы бітімгершілік дайындық бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен.

Еске салайық, 8 тамызда таңертең ҚР Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша порттағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін құрамында 29 әскери дәрігер мен 4 аудармашысы бар топ Бейрутқа жіберілген болатын.

Бейрутта мыңдаған адам үкімет ғимараттарына басып кірді

Бейрут портының ауданында 4 тамыз күні кешке жойқын жарылыс болды. 150-ден астам адам қаза тапты, алты мыңға жуық адам зардап шекті, 300 мың тұрғын баспанасыз қалды. Жойқын жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап шекті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети