25 қыркүйек 2021 12:51

Қазақстанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат Ashyq жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмін белгілейді, сондай-ақ, өңір бір аймақтан екінші аймаққа ауысқан кезде карантинді қатаңдату және әлсірету ережелерін реттейді.

"12 жастан асқан балалар компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға Ashyq қосымшасында, оның ішінде басқа платформаларда ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен, QR-кодты сканирлеу кезенде ерікті түрде тіркеле отырып кіреді", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, инфекциялық төсектердің толтырылу көрсеткіші 70 пайыздан жоғары және төсектердің толтырылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болғанда, тәуекел деңгейі қауіпті аймақта эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда өңір "қоңыр қызыл" аймаққа ауысатыны жазылған.

Өңір "қоңыр қызыл" аймақта кемінде 3 күн болса карантиндік шаралар қатаңдатылады. Күшейтілген карантиндік шаралар "қоңыр қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкеннен кейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету "қоңыр қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.

"Қоңыр қызыл" аймақтың өңірлерінде:

- орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақшада көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, Ashyq-қа қатыспайтын, меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;

- ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), офистердің, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің 80 пайызы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтауды (вакцинацияланғандарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда);

- Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) шешімі негізінде демалыс күнгі шектеу шараларын енгізуді қамтамасыз етсін;

- "қоңыр қызыл" аймақтың өңірлерінде Ashyq жобасынан тыс: құрылыс жұмыстарын жүргізуге; өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне; байланыссыз қызметтерді көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т. б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне; туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т. б.) қызметіне; қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне; әкімдіктердің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, БАҚ, азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының қызметіне жол беріледі;

Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети