21 қаңтар 2022 18:12

Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Қаулы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Қаулыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мынадай:

  • ұйымдардың вакцина алмаған жұмыскерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті түрде тестілеуді қамтамасыз етсін";
  • медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, сәбилер үйінде, балалар үйінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету;
  • көпбейінді ауруханалардың қабылдау-диагностика бөлімінде пациенттерді жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу үшін жеке қабылдау бөлмесін ұйымдастыруды, мүмкіндік болмаған кезде  жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу үшін пациенттер ағымын бөлу;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарларға орналастыру.

Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети