01 маусым 2021 16:37

Қазақстанның бір өңірінде карантин жеңілдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында жексенбіде сауда орталықтары мен базарлар жұмысына рұқсат берілді, сондай-ақ қоғамдық тамақтану нысандарында жұмыс уақыты ұзартылды. Екінші маусымнан бастап бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында жексенбіде сауда орталықтары мен базарлар жұмысына рұқсат берілді, сондай-ақ қоғамдық тамақтану нысандарында жұмыс уақыты ұзартылды. Екінші маусымнан бастап бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО санитария дәрігерлері қазір өңір коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа өткенін мәлім етті. Бұл кейбір шектеулерді алып тастауға мүмкіндік берді.

"Мемлекеттік қызметкерлердің 50 пайызы штаттық режимде жұмыс істей алады, бұрын 20 пайызы жүмыс істеген. Қоғамдық тамақтандыру нысандары бұрын сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істеді. Қазір жұмыс кестесі - сағат 7-ден түнгі 12-ге дейін. Қалааралық автобустардың қозғалысына рұқсат етілген", - деді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Бұл ретте бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым сақталады. Сондай-ақ, санитария дәрігерлері шекараның ашылуы туралы айтты. Барлығы әлемдік жағдайға байланысты болады.

"Шынымды айтсам, бәріз маска тағудан қатты шаршадық. Бірақ жағдай жақсарып келе жатқаны байқалады. Көп адам коронавирусқа қарсы вакцина алды, коронавирусқа қарсы антиденелері бар адамдар да бар", - деді кәсіпкер Алтынай Ысқақова.

Айта кетейік, БҚО екі айдан аса уақыт бойы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақта болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети