16 шілде 2021 11:47

Қазақстанның бірқатар өңірінде 40 градусқа дейін аптап болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады. Синоптиктер 17-19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады. Синоптиктер 17-19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, елдің көп бөлігінде, Солтүстік циклонның фронтальды бөлімдерінің әсерінен, әлі де найзағай соғып, жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады. Кей жерлерде екпінді жел, солтүстікте кей жерлерде тұман түседі.

"Батыста ауа температурасы түнде +17+25 градус, күндіз +28+39 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6 +21 градус болады, күндіз термометрлер +20+36 градусты көрсетеді, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20, күндіз +23 +35, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+22, күндіз +29+40 градус болады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын мына сілтемеден көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети