13 қыркүйек 2023 09:47

Қазақстанның бірнеше қаласы ауылға айналуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Кем дегенде үш қазақстандық қала ауыл санатына ауыстырылуы мүмкін. Тиісті өзгерістер ұлттық экономика министрлігі жарлығының жобасында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кем дегенде үш қазақстандық қала ауыл санатына ауыстырылуы мүмкін. Тиісті өзгерістер ұлттық экономика министрлігі жарлығының жобасында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат 26 қыркүйекке дейін жалғасатын "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Халық саны 10 мың адамнан аз қалалар ауыл мәртебесіне ауыстырылады.

"Халық саны 10 мың адамнан кем, әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалаларда олардың әкімшілік мәртебесін өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіледі", - делінген бұйрықтың жобасында.

Бұл қалалар:

  • Степняк - Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімшілік орталығы. Халық саны - 3800 адам;
  • Темір - еліміздің Ақтөбе облысы Темір ауданындағы қала. Темір қалалық әкімшілігінің орталығы - 2100 адам;
  • Жем - Қазақстанның Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы қала. Халық тығыздығы - 1500 адам / км2.

Сондай-ақ, құжатта көптеген тұрғыны бар ауылдардың мәртебесі де қайта қаралатыны көрсетілген. Елдегі 17 ірі ауыл мәртебеге сәйкес келмейді.

"Мысалы, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында 54 мың адам, Түркістан облысының Қарабұлақ ауылында 50 мың адам, Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 47 мың адам тұрады".

2025 жылға қарай Қазақстанда облыстық маңызы бар қалалардың шекарасында орналасқан дербес ауылдар мен кенттердің болуына талдау жүргізіледі.

"Бұл "ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңның талаптарына қайшы келетіндіктен, мұндай ауылдар мен кенттердің мәртебесі қайта қаралып, шағын аудан түрінде қаланың құрамдас бөлігі болуға тиіс", - делінген құжатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети