22 маусым 2020 11:00

Қазақстанның бірнеше өңірінде 41 градус ыстық болып, жауын жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: vestirama.ru Фото: vestirama.ru

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 маусымда Түркістан облысында ауа температурасы 41 гардусқа көтеріліп, ыстық болады. Дауылдың ықтималдылығы - 85-90 пайыз.

Бұл күні Ақмола облысының кей жерінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа қарай ойысады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Өрт шығу қаупі жоғары. Көкшетауда найзағай ойнайды.

22-24 маусым күндері Жамбыл облысында ыстық болуы ықтимал. Ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. 22-23 маусымда Таразда 38 градус ыстық болады.

22 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түнде және таңертең Петропавлда тұман түсуі мүмкін. Дауылдың ықтималдылығы - 90-95 пайыз.

Бұл күні Қостанай облысының кей жерінде күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Оның жылдамдығы секундына 15-20 метр. Түнде және таңертең Қостанай қаласында найзағай соғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети