1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады08 қыркүйек 2020, 17:15

Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының шығысында кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 үсік күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, түнде шығыста таулы аймақтарында соңы қарға айналатын жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.ъ

Ақмола облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!