05 шілде 2023 17:31

Қазақстанның екі өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазгидромет құрғақшылық бойынша шілдедегі түзетілген болжамды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазгидромет құрғақшылық бойынша шілдедегі түзетілген болжамды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Синоптиктер мәліметінше, шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық негізінен нормаға жақын болады деп күтіліп отыр.

Күтілетін орташа құрғақшылық:

  • Ақмола облысының Жарқайың ауданында,
  • Қостанай облысы Жангелді ауданында,
  • Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандарында,
  • Қарағанды ​​облысының Шет және Ақтоғай аудандарында,
  • Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара, Отырар аудандарында.

"Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Петропавлда және Батыс Қазақстанның Қазталов ауданында қалыпты ылғалды ауа райы күтіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети