Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 


Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

17 мамырда Маңғыстау облысында түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысып, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтау қаласында 17 мамырда түнде күн күркірейді, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

17 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында және Петропавлда күн күркірейді. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. 

17 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

17 мамырда Ақмола облысында таңертең және күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз секундына 15-20 метр болады. Көкшетауда 17 мамырда күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Атырау облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, түнде қатты жауын жауады. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Атырауда 17 мамыр күні түнде жаңбыр жауады.

17 мамырда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

17 мамырда күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Дауыл ықтималдығы 80-100 пайыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +20
Ақтау +21
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +20
П
Павлодар +20
Петропавл +21
С
Семей +16
Т
Талдықорған +21
Тараз +23
Түркістан +16
О
Орал +17
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер