07 сәуір 2021 17:37

Қазақстанның жеті өңірінде ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

"Қазгидромет" мәліметі бойынша, алдағы үш күнде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Найзағай, тұман және кей жерлерде көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" мәліметі бойынша, алдағы үш күнде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Найзағай, тұман және кей жерлерде көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжауына сүйенсек, Жамбыл облысында 8-10 сәуірде кей жерлерде тұман, ал 10 сәуірде найзағай мен қатты жел соғады, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ және екпіні секундына 20 метр болатын жел соғуы мүмкін.

9 сәуірде Қарағанды облысына тұман түседі.

Синоптиктер Қостанай облысында 8 сәуірде тұман түсіп, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады деп болжап отыр.

8 сәуірде Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. БҚО-да секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Таразда 10 сәуірде желдің секундына 20 метрге дейін күшеюіне байланысты ескерту жарияланды.

8 сәуірде таңертең және түнде Орал мен Ақтөбеде тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети