Қазақстанның жоғары оқу орындары мен жоғарғы сыныптарда барлық пәнді ағылшын тілінде оқытуға қалай өтетіні түсіндірілді

01 Шілде 2015, 17:39
0
Қазақстанның жоғары оқу орындары мен жоғарғы сыныптарда барлық пәнді ағылшын тілінде оқытуға қалай өтетіні түсіндірілді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Қазақстанның жоғары оқу орындары мен жоғарғы сыныптарда барлық пәнді ағылшын тілінде оқытуға қалай өтетіні түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада өткен Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің отырысында Сәрінжіпов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы сыныптарда және жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуды сатылап дамыту туралы айтқан сөзін еске салды.

"Министрлік үш тілділік жобасын жүзеге асыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мақсатқа жету үшін жоғарғы оқу орындарындағы кей мамандықтар мен педагогикалық оқу орындарындағы жаратылыстану-математикалық мамандықтарды ағылшын тілінде оқытуды ақырын қолға алу керек. Жыл сайын 1800 магистр мен 900 бакалаврдан ағылшын тілінде оқу туралы мемлекеттік тапсырыс қабылдау жоспарланып отыр", - деді министр.

Оның айтуынша, жоғарғы оқу орындарында ағылшын тіліне дайындық деңгейін көтеретін арнайы курстар ашылады. "Екі мыңнан аса мұғалім тілдік дайындықтан өтеді. Оқулықтар жаратылыстану-математикалық пәндерге арналып дайындалады, сонымен қатар білім беру бағдарламалары мен ағылшын тілі оқулықтары шығарылады", - деді Сәрінжіпов.

Ол барлық шараларды 2016-2020 жылдарға арналған білім беру бағдарламасының екінші кезеңінде жүзеге асыру жоспарланғанын айтты.

Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев үш тілді білім беру үшін жол картасын жетілдіруді тапсырған болатын. "Біз ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқытатын етеміз. Ал 11-12 сыныптарда барлық пән ағылшын тілінде өтетін болады", - деді Назарбаев.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай