05 желтоқсан 2024 | 14:51

Қазақстанның оңтүстігінде той өткізу ережелерін енгізу ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтен той өткізуге арналған стандарттар мен ережелерді енгізу жоспары туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтен той өткізуге арналған стандарттар мен ережелерді енгізу жоспары туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі (ОКҚ) брифинг барысында өңірдің ақсақалдары той мәдениетін қалыптастыру туралы ұсыныс білдіргені белгілі болды. Журналистер облыс әкіміне бұл шаралар тойдағы ысырапшылдықты және шамадан тыс шығындарды азайтуға көмектесе ме деп сауал қойды.

"Жақында біз де осыны талдадық. Егер Тараз бен аудан орталықтарын қарасақ, жұма, сенбі және жексенбі күндері бір тойға шамамен 300 адам келеді. Мұны (той санын - ред.) көбейтсек, демалыс күндері күн сайын 20-25 мың адам тойға барады. Сондықтан біз асабаларды-жүргізушілерді жинадық. Олардың қатысуымен кодекс, арнайы ережелер жасадық. Мұнда ұсыныстар әкімдік тарапынан, менің ішкі саясатты қадағалайтын орынбасарым осы мәселемен айналысады", - деді Қарашөкеев.

Жамбыл облысының әкімі тойларға жұмсалатын шығынның орнына ата-аналар қаражатты жас жұбайларға қолдау көрсетуге бағыттағаны дұрыс екенін атап өтті.

"Менің ойымша, ата-аналар осы ақшаны жинап, жас отбасыларға көмек көрсетсе, жақсы болар еді. Белгілі бір стандарттарды енгізіп, артық шығынға жол бермеу керек. Мұндай іс-шараларды өткізуде заңбұзушылыққа да жол бермеу қажет. Бұл - асабалармен-жүргізушілермен атқаратын жұмысымыз. Бізде Шерхан Мұртаза мәдениет орталығы бар. Барлық маманды сонда жинап, ұзақ талқыладық. Менің ойымша, біз бұл процесті реттейміз", - деп түйіндеді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer