24 тамыз 2015 | 09:02

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің экс-басшысын түрмеде жалаңаш күйде еден жуғызған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Баймағамбетов колонияда. © 31.kz Серік Баймағамбетов колонияда. © 31.kz

Қазақстанның ішкі істер экс-министрі және республиканың кедендік бақылау комитетінің экс-басшысы Серік Баймағамбетов колонияда жалаңаш күйде еден жууға мәжбүр болған. Бұл туралы 7sunews.kz порталы Шахтинск қалалық (Қарағанды облысы) сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның ішкі істер экс-министрі және республиканың кедендік бақылау комитетінің экс-басшысы Серік Баймағамбетов колонияда жалаңаш күйде еден жууға мәжбүр болған. Бұл туралы 7sunews.kz порталы Шахтинск қалалық (Қарағанды облысы) сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Басылымның мәліметінше, Шахтинск сотында Баймағамбетов жазасын өтеп жатқан АК 159/6 түзету колониясының 25 жастағы жедел уәкілінің ісі қаралып жатыр. Жедел бөлімнің жас қызметкері бұрынғы ІІМ басшысын азаптады деп айыпталып отыр.

"Сотталушы Серік Баймағамбетовты жалаңаш күйде түзету мекемесінің ғимаратында еден жуғызған. Сотталушыны айыпты деп танып, ҚК 141-бабының 1-бөлігі бойынша ("Азаптау") жалпы режимдегі түзету колониясына үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деді сот тыңдауында мемлекеттік айыптаушы Талған Әлекбаев. Ол жедел уәкілдің (оның аты-жөні көрсетілмейді) вип-арестантты екі рет қорлағанын қосып айтты - 2013 жылдың қарашасында және 2014 жылдың сәуір айында. 

Еске сала кетейік, Серік Баймағамбетов 2013 жылдың қаңтар айында 80 мың доллар көлемінде пара алу және қызметтік өкілін теріс пайдалану бойынша айыпты деп танылған болатын. Сот жоғары лауазымды шенеунікті 10 жылға бас бостандығынан айырып, Қарағанды облысындағы колонияға жіберген болатын. 2014 жылдың жазында Баймағамбетовты біреулердің ұрып-соққаны жайлы мәлімет таралды. Ал 2015 жылдың ақпанында Баймағамбетов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети