21 тамыз 2014 21:25

Қазақстанның Сыртқы істер министрі ҰҚШҰ-ның Бас хатшысымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Николай Бордюжа кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елдің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.


Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Николай Бордюжа кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елдің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. 

ҚР Сыртқы саясат ведомствосының басшысы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұйым әлеуетін арттыруға Қазақстанның қызығушылық танытып отырғанын растады. Ол, сонымен қатар, 2014 жылы 3 сәуірде Мәскеу қаласында өткен ұйымға  мүше мемлекеттердің  сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының қорытындыларына қанағаттанатынын да айтып өтті. 

Бұған қоса бұл кездесуде биылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде өтетін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің бейресми басқосуына  дайындық мәселелері де талқыға түсті. Сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі жарғылық ұйымының  отырыстары мен сессияларының мәселелері қарастырылды. Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзге де аспектілері талқыға салынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети