17 желтоқсан 2019 | 17:47

Қазақстанның төрт облысында ауа райы бұзылады

© Pixabay.com

Еліміздің төрт облысында - Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cиноптиктердің мәліметінше, 17 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Реклама
Реклама

18 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте де жел тұрып, тұман түседі.

Қостанай облысында да жел тұрып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Синоптиктердің мәліметінше, онда таңғы уақытта жел тұрады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram