24 наурыз 2022 10:20

Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның төрт облысында ауа райы қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның төрт облысында ауа райы қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі мәліметінше, республикалық маңызы бар тасжолдарда 600-ге жуық арнайы техника жұмыс жасап жатыр.

Қазіргі уақытта жабық жолдар:

Ақмола облысы

23 наурызда сағат 12.00-де ауа райының нашарлауына байланысты Жезқазған-Петропавл тасжолының 377-440-шақырымдары учаскесі: Қостанай облысының шекарасы – Державинск қаласы бойынша көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысы

2022 жылғы 23 наурызда сағат 19.50-де ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тасжолының 707-941-шақырымы, Аягөз қаласы-Бұғаз ауылы учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.

Қарағанды ​​облысы

2022 жылғы 22 наурызда сағат 7.30-да ауа райының нашарлауына байланысты Жезқазған-Петропавл тасжолының 142-252-шақырымы, Сарлық ауылы-Қостанай облысының шекарасы учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.

Қостанай облысы

2022 жылғы 22 наурызда сағат 7.45-те Қарағанды ​​облысында ауа райының нашарлауына байланысты Жезқазған-Петропавл тасжолының 252-340-шақырымдары, Қарағанды ​​облысының шекарасы - Арқалық қаласы.

2022 жылғы 23 наурызда сағат 12.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты Жезқазған-Петропавл тасжолының 340-377-шақырымында: Арқалық қаласы-Ақмола облысының шекарасы учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген.

"Ауа райының нашарлауына байланысты жоғары дайындық режимі сақталады. "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері жолдардағы жағдайды тәулік бойы бақылап отыр. Қысқы жөндеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр. Төтенше жағдай болған жағдайда 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп қосты баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, қолайсыз ауа райында жолды мұздан тазартуға 4 мың тоннаға жуық құм-тұз қоспасы жұмсалған.

Биыл 19 наурыз бен 24 наурыз аралығында шамамен 86 рет жол қозғалысына шектеулер енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети