Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 330.00
EUR / KZT - 390.72
CNY / KZT - 50.13
RUB / KZT - 5.65

Қазақстанның төрт облысында көлік жолдары жабылды

28 Қаңтар 2014, 13:32
0
©РИА Новости
©РИА Новости
Ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты Қазақстанның төрт облысында көлік жолдары жабылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарының автожолдарында көлік қозғалысына тыйым салынды. "Ақтөбе облысы: ауа-райының бұзылуына байланысты (қарлы боран, жолды нашар көру) 25 қаңтар күні Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз (0-401-шақырымы) тас жолы көліктің барлық түрі үшін жабылды", - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Сонымен бірге аталмыш министрліктің мәліметінше, боранның салдарынан Алматы облысында 27 қаңтар күні Үшарал-Достық тас жолы көліктің барлық түрі үшін жабылды. Жамбыл облысында да боранның салдарынан Алматы-Ташкент тас жолының "Айша-бибі" бекеті Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін ауыр жүк және жолаушылар тасымалдайтын көліктердің жүруіне тыйым салынды.

"Қарағанды облысы: ауа-райының нашарлауына байланысты (қарлы боран, жолды нашар көру) 26 қаңтар күні Жезқазған-Петропавловск (Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауылының аумағы) көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу қойылды", - деп жазылған ТЖМ сайтында.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай