02 қыркүйек 2014 20:37

Қазақстанның тұңғыш ауыл шаруашылығы министрі қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валентин Двуреченский. Фото kostanayagro.kz сайтынан алынды Валентин Двуреченский. Фото kostanayagro.kz сайтынан алынды

Қазақстанның тұңғыш ауыл шаруашылығы министрі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алау" ақпараттық порталына сілтеме жасап. Бүгін белгілі ғалым, академик, Қостанай облысының құрметті азаматы Валентин Двуреченский өмірден өтті. Ол онкологиялық аурумен науқастанып, өмірінің соңғы күндерінде неміс клиникасында емделіп жүрген болатын.


Қазақстанның тұңғыш ауыл шаруашылығы министрі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алау" ақпараттық порталына сілтеме жасап. Бүгін белгілі ғалым, академик, Қостанай облысының құрметті азаматы Валентин Двуреченский өмірден өтті. Ол онкологиялық аурумен науқастанып, өмірінің соңғы күндерінде неміс клиникасында емделіп жүрген болатын.

"Осы сәтте Қостанай ауданындағы егістіктерді аралап жүрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Валентин Двуреченскийдің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты", - деп хабарлайды қостанайдағы ақпараттық портал. 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында көрнекті мемлекет қайраткері, "Қазақстанның Еңбек Ері" Валентин Двуреченскийдің қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айту жеделхаты жарияланған. Жеделхатта В.Двуреченскийдің қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының өкінішпен қабылдағаны жазылған.

Нұрсұлтан Назарбаев Валентин Иванович өзінің бүкіл ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнағанын, агрономнан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, республиканың ауыл шаруашылығы министріне дейінгі жолдан өтіп, отандық агроөнеркәсіп кешені секторының дамуына елеулі үлес қосқанын атап айтқан.

"Оны ылғи да жоғары кәсіпқойлық, өз ісіне адалдық, Отанымыздың шынайы патриоты секілді қасиеттері даралап тұратын. В.Двуреченскийдің еңбегі "Қазақстанның Еңбек Ері" жоғары атағымен және басқа да көптеген мемлекеттік наградалармен бағаланды. Оның жарқын бейнесі марқұмды білетіндердің бәрінің жадында мәңгі қалады", – делінген жеделхатта.

78 жастағы Валентин Двуреченский ауыл шаруашылығы саласында жарты ғасырға жуық қызмет еткен. Ол әр жылдары агроном, совхоз директоры, Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі қызметтерін атқарған. 1990-1992 жылдары Валентин Иванович рес­­­­пуб­ликаның Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқар­ған. Өмірінің соңғы жылдары ол Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры қызметінде болған. 

Ол "Шапағат-2011" өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің VIII Республикалық байқауында жеңімпаз атанған болатын. Сонымен бірге В.Двуреченский аграрлық ғылымдағы жетістіктері үшін екі мәрте А.И.Бараев атындағы сыйлықпен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети