28 сәуір 2021 13:41

Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Абзал Сапарбекұлының Facebook желісіндегі парақшасынан Сурет: Абзал Сапарбекұлының Facebook желісіндегі парақшасынан

Қазақстанның құрметті консулы, түрік кәсіпкер Халил Улуер әйелімен бірге Түркияда жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook-тегі парақшасында естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның құрметті консулы, түрік кәсіпкер Халил Улуер әйелімен бірге Түркияда жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook-тегі парақшасында естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абзал Сапарбекұлы өз отбасы мен елшілік атынан көңіл айтты.

"Халиль Улуер тек өз елінің емес, қазақ халқының нағыз жанашыр досы еді. Қазақ-түрік бауырластығы мен ынтымақтастығы үшін елеулі үлес қосып еді. Қазақстанның көк туын түрік жұртында әрдайым желбіретіп, Қазақстан үшін мақтан тұтатын біртуар асыл азамат еді. Пандемия кезінде осындағы студенттерге қол үшін аямай көмектесіп, Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдап, қол ұшын бергендердің қамқоршылардың алдыңғы шебінде еді. Елімізге инвестиция тарту үшін күндіз-түні бірге кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізіп жүр еді... Әттең, тағдыр оны бізге қимады", - деп жазды ол Facebook-те. 

Құрметті консул - Қазақстан Республикасының құрметті консулдығын басқаратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде тұрмайтын, Қазақстан Республикасы атынан шет мемлекеттің аумағында консулдық округтің шегінде жекелеген консулдық функцияларды орындау тапсырылған адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети