15 желтоқсан 2021 17:35

Қазақтар біріксе, жеңілмейтін жау жоқ - Назарбаев

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, оның бастамасы бойынша жұмыс істеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, оның бастамасы бойынша жұмыс істеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұрынғыдай біріксек, бірге боламыз, бәрін жеңеміз. Қазақтар біріксе, жеңілмейтін жау жоқ екенін тарихтан білесіз. Сондықтан Президентімізді қолдасақ, оның бастамаларын қолға алсақ, болашақта табысқа жетеміз", - деді Назарбаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Нұр-Сұлтандағы салтанатты іс-шарада.

Елбасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Қазақстанның құрылу тарихындағы тағы бір маңызды кезең екенін айтты.

"Біз әлі де еліміз дамып келе жатқан ұзақ жолдың басында тұрмыз деп санаймын. Мәңгілікке ұмтылған, асқақ арманға шақырған алыс сапарымыз сәтті болып, ата-баба рухы баршамызды қолдап, құт-береке серік болсын. ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасырына айналсын", - деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети