29 шілде 2022 13:36

"Қазақтелеком" Kcell ресейлік компанияға сатылуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

"Қазақтелеком" Kcell ресейлік компанияға сатылады деген ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақтелеком" Kcell ресейлік компанияға сатылады деген ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде, кейбір Telegram-арналарында Kcell акциялары ресейлік МТС компаниясына сатылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

"Қазақтелеком" АҚ коммуникациялар департаментінің директоры операторлардың бірін нарыққа шығару арқылы телекоммуникация секторындағы монополиясыздандыру мәселелері ҚР Үкіметі жанынан құрылған экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі арнайы комиссиямен қаралуға тиіс екенін және солай қаралатынын хабарлады.

"Егер активті сату туралы шешім қабылданса, іске асыру алгоритмі "Самұрық-Қазына" қорының саясаты мен рәсімдеріне қатаң сәйкес және мәміленің Қоғамның қор нарығында айналыстағы бағалы қағаздарына әсерін ескере отырып, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ миноритарлық акционерлерінің мүдделері ескеріле отырып жүргізіледі", - деп жауап берді "Қазақтелеком" АҚ коммуникациялар департаментінің директоры Сара Бәкірова Tengrinews.kz тілшісіне.

Ресми деректерге сәйкес, қазіргі уақытта компанияның ұялы байланыс операторларының бірін өткізу бойынша бекітілген жоспарлары жоқ.

"Операторлардың бірін сату мәселесі компанияның директорлар кеңесі құзырында. Бүгінде стратегиялық инвесторлардан "Қазақтелеком" АҚ ұялы байланыс операторларының бірін сатып алу туралы ұсыныстар түскен жоқ", - деді "Қазақтелеком" АҚ байланыс департаментінің директоры. 

Kcell баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған компания сатылуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді Kcell баспасөз қызметінің жетекшісі Максим Оларь.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети