Қазгидромет Астана мен бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"12 мамырда Қарағанды, Теміртау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін де Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!