"Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорны гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы тағы қай облыстарда су деңгейінің көтерілуі мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Бүгінгі таңда Қарағанды облысы мен Астана қаласы бойынша су тасудың шыңы өтті. Осыған байланысты өзендердегі су деңгейі жақын арадағы 2-3 күнде төмендейді деп күтілуде. Осыдан кейін Солтүстік Қазақстан облысындағы өзендер деңгейінің көтерілуі күтіледі. Сондай-ақ, осы сәтте Ақмола облысының Жабай мен Қалқұтан өзендерінде, Қарағанды облысының Шерубайнұра, Жамансарысу өзендерінде деңгейлердің төмендегені байқалады, алайда деңгейлер сыни белгіден жоғары", - деді Дидар Жәнібекұлы.
Сондай-ақ, кәсіпорынның гидрология департаментінің директоры жақын арадағы тәуліктерде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде көктемгі су тасудың, су деңгейі көтерілуінің, су басудың және тасқынның бұдан арғы дамуы күтілетінін айтты.
"Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Алматы облыстарының жеке өзендерінде сулылықтың артуы күтіледі", - деді маман.
Айта кетейік, осыған дейін синоптиктер алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауатыны жайлы хабарлаған болатын.