"Қазгидромет" өкілдері ШҚО-да кеше, 17 шілдеде болған дауыл туралы неге нақты болжанбағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" өкілдері ШҚО-да кеше, 17 шілдеде болған дауыл туралы неге нақты болжанбағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК-ның Шығыс Қазақстан облысында орналасқан филиалының метеоболжамдар бөлімі синоптиктерінің 17 шілдеге жасаған болжамы бойынша, қатты жел (күші 15-20 м/с), найзағай жаңбыр күтілген. Ал негізінде бұл аймақта секундына 30-35 метрге дейін жететін жел тұрған.
"Суық фронттың күшейіп өту кезінде, жергілікті атмосфералық процесстер пайда болып, желдің 30 м/с және аса күшейуіне ықпалын тигізді. Мұндай қатты жел 2 метеостансада тіркелген (Жалғызтөбе стансасында желдің күші 30 м/с-ке жетті, басталуы 15.50- аяқталуы 16.30, желдің ұзақтылығы 40 минутты құрады, ал Селезневка стансасында желдің күші 34 м/с жетті, басталуы 18.02- аяқталуы 18.16, желдің ұзақтылығы 14 минутты құрады ). Метеорологиялық стансалар жедел және уақытысында желдің күшеюі туралы дауылды ескертуді тиісті органдарға жеткізген", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, күшті желдің пайда болуына үлкен температуралық контраст және жергілікті вертикал ағындар әсерін тигізгені, осыған байланысты күшті будақ-жауын бұлттары пайда болғаны айтылады. "Жергілікті вертикал ағындар процесінің ерекшелігі, мұндай атмосфералық процестің болар жерін, уақытын анықтау өте киынға соғады және мұндай процесс кенеттен және өте жылдам пайда болады, және де оған жергілікті жердің орографиясы да әсерін тигізеді", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.
"Қазгидромет" мониторинг мәліметтеріне сәйкес, жердің климаттың ғаламдық өзгерістеріне табиғи қауіпті құбылыстардың жиілігін және көлемін ұлғаюы табиғи құбылыс. Егер де 2015 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 11 000 жағымсыз ауа-райы құбылыстары атап өтті, ал 2016 жылы санының өсімі 12100 құбылыстарға өсті, тек қана 2017 жылы маусым айында найзағай құбылыстар саны 1217, орташа көпжылдық нормаға қарағанда 4 есе жоғары болып табылады (айына 20 норма). Қауіпті құбылыстар қатты дауылды желмен өткінші желдің күшейуімен дауылға дейін шығады, сондай-ақ дауылдық ескертулермен бірге дауылдан желдің күші 30м/с және одан да жоғары", - дейді синоптиктер.
Еске салайық, кеше Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрған еді. Өскеменде жұлынып кеткен шатыр көліктердің үстіне түскен, желден жарнама құрастырмалары қирап, аялдамалар мен ағаштарды құлатқан. Дауыл 10-15 минуттай уақыт болған. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, өңірдің барлық жерінде де тұрғындар желдің болғанын айтып отыр. Қолданушылар құлаған ағаштар, қираған аялдамалар және бүлінген көліктерді суретке және видеоға түсіріп, редакцияға жолдады. Кейін дауылдан бес адамның зардап шеккені белгілі болды.