18 шілде 2017 10:40

Шығыс Қазақстанда дүлей дауылдан бес адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда дүлей дауылдан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстанда дүлей дауылдан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД мәліметінше, азаматтардан жүзден аса шақырту түскен. Облыс тұрғындары жедел қызметке құлаған ағаштар, жұлынған шатырлар, бүлінген көліктер және желдің өзге де салдары жайлы хабарлаған. 

"Өскемен қаласы бойынша жедел жәрдемнен дауылдан бес адамның зардап шеккені туралы мәлімет түсті. Екі адам үйіне қайтарылған", - деді ШҚО ТЖД өкілдері. 

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жарақаты түрлі дәрежеде, олар құлаған ағаштан немесе шатырдан дене жарақатын алған. Қолданушылардың бірі әкімшілік ғимараттардың бірінің маңында атасына шатыр құлағанын хабарлаған, қазір ол ауруханаға жеткізілген. Ер адамның айтуынша, атасы көп қан жоғалтқан, сондықтан қан донорлары қажет.

Еске салайық, кеше Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрған еді. Өскеменде жұлынып кеткен шатыр көліктердің үстіне түскен, желден жарнама құрастырмалары қирап, аялдамалар мен ағаштарды құлатқан. Дауыл 10-15 минуттай уақыт болған. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, өңірдің барлық жерінде де тұрғындар желдің болғанын айтып отыр. Қолданушылар құлаған ағаштар, қираған аялдамалар және бүлінген көліктерді суретке және видеоға түсіріп, редакцияға жолдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети