14 наурыз 2019 13:47

"ҚазМұнайГазда" басқарма құрамы өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2019 жылғы 7 наурызда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ директорлар кеңесінің шешімімен басқармасының құрамы кеңейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап. 


2019 жылғы 7 наурызда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ директорлар кеңесінің шешімімен басқармасының құрамы кеңейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап. 

Басқарманың жаңа мүшелері:

Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы;


Жакып Марабаев. © azh.kz

Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және "Сарыарқа" газ құбырын салу жөніндегі орынбасары Берлібаев Данияр Әмірбайұлы;


Данияр Берлибаев. © privatization.sk.kz

Сатып алу және жабдықтау жөніндегі Басқарушы директор Қайржан Есен Қайржанұлы.


Есен Кайржан. Фото: kmg.kz

2019 жылғы 6 ақпанда Компанияның Директорлар кеңесі жаңа ұйымдық құрылымды бекіткенін, соған сәйкес негізгі бизнес-бағыттарға басқару процестерінің ара жігі ажыратылып, осы бағыттарды дамыту үшін жетекшілер тағайындалғаны айтылады.

"Құрылымның өзгеруі өндіріс тиімділігі мен Компанияны корпоративтік басқаруды арттыруға, шешімдердің жедел қабылдануын қамтамасыз етуге және Компанияның орталық офисі мен еншілес және тәуелді ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған", - деді ҚМГ өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети