Қазнетті шулатқан әке баласын күрекпен не себепті ұрғанын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Баласын басынан күрекпен ұрған әке өз әрекетін түсіндірді, оның айтуынша, жұмыс кезінде баласы мазасын алыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасының өкілдеріне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Баласын басынан күрекпен ұрған әке өз әрекетін түсіндірді, оның айтуынша, жұмыс кезінде баласы мазасын алыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасының өкілдеріне сілтеме жасап. 

Бақылау органының өкілдері Қазнетті шулатқан видеоға қатысты пікір білдірді. Олар толыққанды тергеу жүргізгенін айтты. Пернебек Қарабаев сол күні баласын жұмысқа апарған, себебі оны үйде қарайтын адам болмай қалған. Ол жұмыс берушісінің үйінде жұмыс істеген. Бала еркелеп, әкесінің мазасын ала берген. "Пернебек онысына ашуланып, баласын дөңгелектердің ортасына салып қойған. Сәлден соң бала қайтадан еркелей бастаған, сол уақытта ер адам оған басынан күрекпен бірнеше рет жеңіл соққы жасаған", - деп хабарлады прокуратурадағылар.

Прокурорлардың айтуынша, 1968 жылғы ер адамға қатысты ешқандай да жаза қолданылмаған. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор отбасыны бақылауға алды. Ер адамның өзі өз ісіне өкініп отыр екен. Сол күні баласын көлік дөңгелектерінің ортасына отырғызып қойғысы келгенін айтты, себебі үй иелерінің мазасын алмасын дедім. Баланың айтуынша, үй иелері оған ұрысқан. "Күрекпен ұрмадым. Сілтеп қалдым. Бұл менің жалғыз балам. Әйелім кетіп қалғанда, туыстарым баланы өз қолына алғысы келген, бірақ мен бермедім. Мені оны жақсы көрем", - деді Пернебек Қарабаев журналистерге.

Еске сала кетейік, осыған дейін ер адамның баланы басынан күрекпен ұрғаны түсірілген видео жарияланған еді. Бейнематериалда белгісіз ер адам 4 жас шамасындағы балаға физикалық күш қолданып, қорлап жатқаны түсірілген. Яғни, онда жасөспірімді көліктің доңғалақтарының ішіне салып қойып, басынан күрекпен аяусыз ұрып жатқанын анық көруге болады. Кейін ер адамды полиция ұстаған еді.

 

Шымкент қаласының тұрғыны WhatsApp желісі арқылы жағаұстатарлық бейнежазба жолдады. Бейнематериалда белгісіз ер адам 4 жас шамасындағы балаға физикалық күш қолданып, қорлап жатқаны түсірілген. Яғни, онда жасөспірімді көліктің доңғалақтарының ішіне салып қойып, басынан күрекпен аяусыз ұрып жатқанын анық көруге болады. Видео жолдаған азаматша бұл бейнежазбаны құрбысынан алғанын жеткізген. Оның айтуынша, оқиға Шымкент қаласы, 11 мөлтекауданында болған. Нақты мекенжайы жоқ. Шағымданушылардың сөзінше, бұл оқиға жиі қайталанып тұрады екен. Ішкі істер департаменті "қазіргі таңда ОҚО Ішкі істер департаментімен азаматтың жеке тұлғасын анықтау және жауапкершілікке тартуға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын" хабарлады.

Публикация от Kaz.Tengrinews.kz (@kaz.tengrinews.kz)

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer