28 қаңтар 2019 14:47

Қазнетте жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. ІІМ өкілдері пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазнетте тарап жатқан видеоның Қазақстанға қатысы жоқ. Бұл туралы ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Қазнетте тарап жатқан видеоның Қазақстанға қатысы жоқ. Бұл туралы ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан бес адамның кафе немесе асхана алдында екі ер адамды соққыға жыққаны көрінеді. Кейбіреулері оларды ажыратпақшы болады. Алайда куәгерлер мен әйелдердің айғайы оларды тоқтата алмайды. Видеоға қарағанда төбелескендер ауыр жарақаттар алды. Соңында біреуінің ес-түссіз құлап кеткені көрінеді.

Садубаевтың айтуынша, видеожазбадағы бұзақылық әрекеттердің Қазақстанға еш қатысы жоқ. Бұл оқиға Өзбекстанның Наманған облысы азаматтары арасында болған. Кейбір өзбек БАҚ-тарының мәліметінше, видео былтыр желтоқсан айының соңында түсірілген. 

"Мұнымен қатар, қазақ тілді сегменттегі интернетте ұлтаралық алауыздықты қоздыру мақсатында жазылған жағдайлар анықталды. Еске салайық, жалған мәлімет таратқандар, сондай-ақ, ұлтаралық алауыздықты қоздырғандар елдің заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Садубаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети