12 мамыр 2022 15:29

Қазнетте Қазақстанда орыс тілінің ресми мәртебесі алып тасталады деген фейк тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: elements.envato.com Иллюстрация: elements.envato.com

WhatsApp-та Қазақстанда орыс тілінің ресми мәртебесі алынып тасталады деген фейк тарады, - деп хабарлайды StopFake.


WhatsApp-та Қазақстанда орыс тілінің ресми мәртебесі алынып тасталады деген фейк тарады, - деп хабарлайды StopFake.

Ақпаратты Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса теріске шығарды. Ол Мәжіліс депутаттары Конституциядан орыс тілін мемлекеттік тілмен тең қолдану туралы бапты алып тастауды ұсынбағанын мәлімдеді.

Қазыбек Иса өзінің Facebook-тегі парақшасында оның сөздері контекстен үзіп алынғанын түсіндіріп жазған. Оның айтуынша, Мәжілістегі әріптестері орыс тілінің мәртебесін өзгерту туралы ұсыныс айтпаған.

"Негізі бұл сөздер менің сөздерімнен үзіп алынғанын хабарлаймын. Өткен сәрсенбіде депутаттық сауал жолдағанда қазақ тілі мемлекетттік тіл ретінде Конституцияда бекітілгенмен, бірақ осы уақытқа дейін Мемлекеттік тіл туралы арнайы заң жоқ!
Сондықтан да мемлекеттік органдарға қазақ тілінде хабарласқандар сол мемлекеттік тілде жауап ала алмайтын жағдай жиі кездеседі. Өйткені, мемлекеттік қызметкерлердің көбісі мемлекеттік тілді білмейді, тек орыс тілінде сөйлейді", - деп атап өтті депутат.

Сондықтан депутат "Ақ жол" демократиялық партиясының 2012 жылы енгізген, бірақ ол кезде Үкіметке тосқауыл қойған мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы заң жобасын еске түсірген.

"Мен кезекті рет Конституцияда көзделген оның мәртебесін іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік беретін "мемлекеттік тіл туралы" арнайы заң қабылдауға шақырдым. Бұл ұсынысты кейбір басқа депутаттар да қолдады", - деді Қазыбек Иса.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети