08 шілде 2020 16:17

Қазнетте өлім аузында жатқан науқастың видеосы тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Қазнет қолданушылары аурухана төсегінде жатқан науқастың видеосын таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазнет қолданушылары аурухана төсегінде жатқан науқастың видеосын таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны Екібастұз пабликтерінің бірі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Видеода ер адам темір төсекте бір қырымен жатыр. Ентігіп жатқанына қарағанда әрең тыныс алғанын көруге болады. Жағдайының ауыр болғанына қарамастан, науқас кәдімгі палатада бес литрлік ыдысқа салынған оттек таяқшаларымен тыныс алып жатыр.

"Адамдар, жағдай осындай. Адамдар өліп жатыр. Кеше біреуі қайтыс болды, қазір міне екіншісі", - дейді кадр сыртындағы дауыс. Басқа науқастар да көршісінің қиналғанын естіп үнсіз жатыр.

Видеороликтің екінші бөлігінде ер адам шалқалай қимылдамай жатыр. Ал кадр сыртындағы дауыс "Болды, кетті, дем ала алмады" деп айтады.

Видеодан алынған кадр

Tengrinews.kz редакциясы моральдық құндылықтарға байланысты видеоны жарияламайды

Желі қолданушылары видеоға байланысты түрлі реакция білдірді. Біреулері видео авторына жағымсыз пікір қалдырса, екінші біреулер палатада жатқан науқастарды дәрігерлерді көмекке шақырмадыңдар деп ашуланды. Тағы біреулері биліктегілерді дәрігерлердің аздығы, дәрі, оттек баллондары және жасанды тыныс алу аппаратының жетпейтініне сөкті. Көбі мұндай жағдай республикадағы барлық ауруханада болып жатқанын жазса, қалғаны Екібастұздағы госпиталдардың бірі деп болжады.

Ал Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар видео өңірдегі ауруханаларда түсірілмегенін айтты. 

"Бұл біздің аймақ емес. Бізде мұндай темір төсектер де жоқ. Видео бізде түсірілген жоқ. Нұр-Сұлтандағы госпиталдердің бірінде түсірілген шығар", - деді аймақтың денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Tengrinews.kz редакциясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне видеороликке байланысты ресми сауалхат жолдады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети