Қазақстанда педофилдер белгіленген электронды карта іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның сайтына сілтеме жасап. Ведомство өкілдері электронды картаның балаларды педофилдерден қорғауға көмектесетінін айтады.
Қазақстанда педофилдер белгіленген электронды карта іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның сайтына сілтеме жасап. Ведомство өкілдері электронды картаның балаларды педофилдерден қорғауға көмектесетінін айтады.
"Соңғы жылдары сексуалдық зорлық проблемасы ушығып кетті. Әсіресе балаларға қатысты жасалған деректер қорқынышты. Себептер мен шарттар адамгершілік және құқықтық мәні бар бірқатар проблемалардан туып отыр. Осыған байланысты мемлекет қылмыстың бұл түрін азайтуға бағытталған шараларды қабылдады. Шетелдік тәжірибе қолданылды", - делінген ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеттің хабарламасында.
Педофилдер туралы мәліметтер ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеттің порталындағы "Геоақпараттық жүйелер" бөлімінде электронды карта түрінде жарияланған, онда қылмыскерлер туралы мәліметтерді (фото, аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы және сотталғаны жайлы мәліметтер) көруге болады. Оларды картадағы өңірлерді тінтуірмен басып, көруге болады.
Қазіргі уақытта картада Алматыдағы 21 педофил, Астанадағы жеті педофил, Қарағанды қаласындағы 35 педофил жайлы мәлімет бар. 31 ер адам Алматы облысында тұрып жатыр. Тағы да алтауы Атырауда тұрады.
Айта кетейік, кейбір сотталғандар жазасын өтеп болды.
Еске салайық, сәуір айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған еді. Заң жобасындағы өзгертулердің ішінде педофилдерді піштіру жазасын қолданысқа енгізу де бар.