24 маусым 2022 12:41

ҚазҰУ-дан заңсыз алынған жерге не салынбақ болғаны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметінен Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметінен

Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару басқармасы Әл-Фараби даңғылы бойындағы ҚазҰУ-дың жерін жекеменшік игеруге берген қала әкімдігі шешімдерін заңсыз деп таныды. Ведомство өкілі Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында заңсыз алынған жерге қаладағы ең қымбат аудандарының бірі салынбақ болғанын айтты.


Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару басқармасы Әл-Фараби даңғылы бойындағы ҚазҰУ-дың жерін жекеменшік игеруге берген қала әкімдігі шешімдерін заңсыз деп таныды. Ведомство өкілі Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында заңсыз алынған жерге қаладағы ең қымбат аудандарының бірі салынбақ болғанын айтты.

Заңгер Бақытжан Базарбек Facebook желісінде Алматы әкімдігі әрекетінің заңсыздығы туралы өз уәждерін жазып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты басқармаға арыз жолдаған соң Базарбектің өтініші негізінде департамент әкімдікке қатысты тексеру жүргізген.

Ведомство мәліметінше, 2017 жылғы 1 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы әкімдігіне Әл-Фараби даңғылы, 71 жер учаскесі шекарасын өзгерту туралы өтінішпен жүгінген. Жалпы алғанда, ҚазҰУ өз аумағын бір гектарға - 73,2-ден 72,1 гектарға дейін қысқартуды жоспарлаған.

Алматының жер комиссиясы екі күн ішінде оң қорытынды шығарған және 5 тамызда жер "паркинг салу үшін Omirex ЖШС уақытша өтеулі қысқа мерзімге жерді пайдалану құқығымен" кетті. Жер Әл-Фараби даңғылы, 69/5 және 69/7 бойынша екі дербес учаскеге бөлінді. Департаментте 2018 жылы компанияның жарғылық капиталы "Аркада Impex" ЖШС-не кеткенін, содан кейін ол Atlas Development ЖСШ деп өзгергенін түсіндірген.

Жоба ҚазҰУ территориясы аумағын азайтумен бекітілгеннен кейін Алматы әкімдігі, департамент деректері бойынша, 2017 жылғы 2 қазанда "Жер учаскесіне ортақ үлестік тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы" қаулы қабылдап, жерді ҚазҰУ-ға пайдалануға берді, ал 2017 жылғы 28 қазанда 2017 жылғы 2 қазандағы қаулының қолданылуы тоқтатыла отырып, жер "10 жыл мерзімге уақытша өтеулі ұзақ мерзімді ортақ үлестік пайдалануға" беріледі.

"Алматы қаласы бойынша жер телімдерін беру жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылғы 3 тамыздағы хаттамасы және Алматы қаласы әкімінің 2017 жылғы 2 қазандағы қаулысының 14,15,20 және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңының 135-баптарын бұза отырып, білім беру саласындағы және мемлекеттік мүлік саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша келісімінсіз қабылданған және бекітілген, бұл жер-кадастрлық іс материалдарымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің жазбаша жауабымен расталады", - делінген департаменттің жазбаша жауабында.

Ведомство мәліметінше, мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесілі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға, сондай-ақ кепілге беруге тыйым салынады. Білім және ғылым министрлігінің келісімінсіз мұндай шешім қабылдау мүмкін емес.

"Азаматтық кодекстің 200-бабы 1-тармағына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның жазбаша келісімінсіз өзіне тиесілі ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі құралдарын иеліктен шығаруға немесе оларға өзгеше тәсілмен билік етуге, ұзақ мерзімді жалға беруге, уақытша өтеусіз пайдалануға беруге құқығы жоқ", - деп түсіндірді департамент өкілдері.

Осы Кодексте меншік иесі жер учаскесіне меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, бұл жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын мүлік ретінде есепке алынады делінген. Тіпті егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартса, әкімдік алдымен осы мүлікті коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге тиіс.

"Осылайша, Алматы әкімдігі қолданыстағы заңнаманың жоғарыда көрсетілген нормалары мен талаптарын бұза отырып, 2017 жылғы 2 қазандағы № 4/392-2236 қаулыны заңсыз шығарып, ҚазҰУ жерлерінің көлемін негізсіз азайтқан", - деді департаменттегілер.

Нәтижесінде, Алматы қаласының әкімдігіне және жер қатынастары басқармасына бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. Әкімдіктің мына қаулылары жарамсыз деп танылуы тиіс:

  • 2017 жылғы 2 қазандағы №4/392-2236;
  • 2020 жылғы 5 мамырдағы №1/1-163;
  • 2020 жылғы 8 шілдедегі №3/226-353;
  • 2021 жылғы 28 қазандағы №4/494-950.

Сондай-ақ, әкімдікке кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарта отырып, 2020 жылғы 22 мамырдағы №1250, 2020 жылғы 2 қыркүйектегі №2183 және 2021 жылғы 10 қарашадағы № 4211 жер учаскелерін жалдау шарттарын бұзуға тура келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети