ҚБТУ-ды мемлекет меншігіне өткізу мәселесін Жоғарғы сот қарайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) мемлекетке қайтарылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) мемлекетке қайтарылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, мұндай мәселелер бойынша шешім тек сот тәртібімен қабылданады.

"Менің білуімше, бірінші және екінші сот инстанциялары өтті. (...) Соңғы сөз Жоғарғы сотта. Оның шешімін күтуіміз керек. Қазір пікір білдіре алмаймын, өйткені бәрі заң аясында болып жатыр. Тергеу жүріп жатыр және біздің министрліктің бұл процеске ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан сот шешімін күту керек, содан кейін ғана ол қалай орындалатыны туралы пікір білдіре аламыз", - деді Саясат Нұрбек Үкіметтегі брифингте.

Айта кетейік, жуырда ҚБТУ мемлекетке қайтарылды.

ҚБТУ 2001 жылы 3 тамызда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен құрылған. Қазақстан тарапынан құрылтайшысы - Үкімет, ал уәкілетті органы - Білім және ғылым министрлігі. Ұлыбритания тарапынан университеттің серіктестері - Ұлыбритания елшілігі мен оның негізгі өкілі ұлыбританиялық кеңес болды.

2003 жылы университет "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының меншігіне өтті, сол кезде компания университеттің жалғыз акционері болған. 2018 жылы жекешелендіру бағдарламасы аясында ҚБТУ Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры қарамағына өтті. Қордың құрылтайшыларының бірі Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева болды.

Айта кетейік, 2023 жылы шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer