ҚБТУ оқытушысы қызға айналған студенті үшін айыппұлдың жартысын төлеуге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚБТУ оқытушысы қызға айналған студенті үшін айыппұлдың жартысын төлеуге дайын © Әлеуметтік желі

Қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов ҚБТУ студенті Аян Жәрдемов үшін айыппұлдың жартысын төлеуге дайын. Бұл туралы Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Еске сала кетейік, ақтөбелік Аян Жәрдемов дос қызы үшін ҰБТ тапсырмақ болып "қызға айналған" болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов ҚБТУ студенті Аян Жәрдемов үшін айыппұлдың жартысын төлеуге дайын. Бұл туралы Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Еске сала кетейік, ақтөбелік Аян Жәрдемов дос қызы үшін ҰБТ тапсырмақ болып "қызға айналған" болатын.

"Жыл романтигі атанған студент туралы бәрі хабардар деп ойлаймын. Ол ҚБТУ-де оқиды. Осы оқу орнының оқытушысы ретінде оған салынған 400 мың теңге айыппұлдың жартысын төлеуге дайынмын (жарты соманы төлеуге дайынмын - олармен ертең байланысқа шығамын). Оның қызы жігітінен енді заңды жолмен романтик болуды сұрайды деп үміттенемін", - деді Құдайбергенов.

Сонымен қатар, Құдайбергенов жігіт махаббат үшін емес, пайда табу мақсатында осындай қадамға барған болса, айыппұл төлеуден бас тартатынын айтты. "Айыппұл да заңсыз деп жатыр. Соттың шешімін күтетін боламыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде дос қызы үшін ҰБТ тапсырмақ болған жігіттің фотосы кең таралған болатын. Суреттің сипаттамасында оқиғаның Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында болғаны жазылған. Ол Жетісай қаласындағы №4 мектептің түлегі үшін емтиханға кіргісі келген екен.

Кейіннен романтик студенттің Аян Жәрлемов екені анықталды. Ол Ақтөбедегі "Дарын" мектебін бітіріп, "Алтын белгі" иегері атанған. Қазір жігіт Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінің үшінші курсында тегін бөлімде оқып жатыр.

 

Енді жігіт 400 мың көлемінде айыппұл төлеуі, қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе алты күнге дейін қамауға алынуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети