09 ақпан 2021 10:49

Кеденде тексеріс қатаңдап, бюджетке 25 миллиард доллар түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанда кедендік бақылауда тексеріс қатаңдап, нәтижесінде бюджетке 25 миллиард теңге түскен. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда кедендік бақылауда тексеріс қатаңдап, нәтижесінде бюджетке 25 миллиард теңге түскен. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Соңғы жылдары салықтық-кедендік әкімшілендіруде оң динамика байқалады. 2020 жылы Мемлекеттік кіріс органдары 11,4 мың салықтық тексеру жүргізді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 58 пайызға аз. Бұл ретте нәтижелік 29 пайызға артты", - деді Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында.

Министр қашықтан бақылаудың жаңа әдістері енгізілгенін еске салды.

"Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыру мақсатында тиісті ережелерге өзгерістер енгізілді, онда мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың қаржылық тұрақтылығы расталады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, 2,5 мың өтініш қаралып, 7,4 миллиард теңге сомасында түсім қамтамасыз етілді. Тауарлық емес мәмілелер мен қолма-қол ақшаны алу схемаларына қатысатын тәуекелшіл компанияларды онлайн анықтау мүмкін болды.

Айналымы екі триллион теңге болатын осындай бес мың компанияның қызметі анықталып, шектелді. Бұл Қазақстан аумағында қолма-қол ақша алудың қысқаруына ықпал етті", - деп толықтырды министр.

Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, "Қазынашылық сүйемелдеу" жобасына қатысушылар бойынша төленген салық көлемі 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 24 пайызға өсіп, 202 миллиард теңге болды.

"Былтыр ҚХР экспорты - ҚР импорты бағыты бойынша статистикалық деректердегі айырмашылық 45 пайызға дейін төмендеді. Кедендік тексерулердің тиімдігі 51 пайызға артты, бұл бюджетке қосымша 25 миллиард теңге әкелді. 

Әкімшілендіру процестерін автоматтандыру мен адами факторды болдырмау мақсатында "Экспорттық бақылау" модулі іске қосылды және навигациялық пломбаларды пайдалану басталды. Қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелер бар", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

ЕАЭО елдерінен қосылған құн салығы 2019 жылға қарай 12,2 миллиард теңгеге өсті және үшінші елдерден келетін импорттан түскен түсімдерден алғаш рет 34 миллиард теңгеге асып түсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети