13 маусым 2018 16:26

"Кедентрансервис" АҚ вице-президенті Ғалым Мұқановқа қандай айып тағылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері Астанада өткен брифинг барысында "Кедентрансервис" АҚ вице-президентіне қатысты істің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері Астанада өткен брифинг барысында "Кедентрансервис" АҚ вице-президентіне қатысты істің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл 6 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана бойынша департаментінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында "Кедентрансервис" АҚ вице-президенті Ғалым Мұқанов пен Тауар сатып алу және келісімшарттар жүргізу басқармасының басшысы Дулат Уваевтың ұстағаны хабарланды.

"ЖШС өкілінен мемлекеттік тапсырыстарға қатысты байқау жүргізгенде олардың мүдделерін қорғап, көмек көрсеткені үшін 17,5 миллион теңге көлемінде қаржы алынған. Тергеу мәліметінше, биыл ақпан айында АҚ пен ЖШС арасында жалпы сомасы 23 миллион 927 мың теңге болатын келісімшарт жасалған. Ал расында келісімшарттағы міндеттер орындалмаған, жұмыстар жүргізілмеген. Дегенмен күдіктілер қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жалған актілерді қабылдап, оларға қол қойған", - деп хабарлады бюро өкілдері.

Сондай-ақ, Мұқанов пен Уваевқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешімнің қабылданғаны айтылды.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Кедентрансервис" АҚ вице-президенті Ғалым Мұқановтың қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети