Кейкі батырдың бассүйегі Венгриядан Алматыға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейкі батырдың бассүйегі Венгриядан Алматыға жеткізілді © Tengrinews.kz

Кейкі батырдың бассүйегі Венгриядан Алматыға жеткізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейкі батырдың бассүйегі Венгриядан Алматыға жеткізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай хабарлады.

"Бассүйекті жерлеу мәселесін Қазақстан үкіметіндегілер шешіп жатыр", - деді Нұрсан Әлімбай. Оның айтуынша, батырдың бассүйегі ҚР Орталық мемлекеттік музейінде сақталатын болады.

Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Содан 6 қазанда Кейкі батырдың бассүйегі Астанаға жеткізілген болатын. Ал кейінірек Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бассүйегіантропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Музей басшысы құнды жәдігерді арнайы контейнерде алып барды.

Ал кейінірек мамандар Кейкі батырдың бейнесін қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети