12 тамыз 2016 16:43

Медведев Кенесары ханның мүрдесін Қазақстанға қайтару туралы мәселені шешуге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© government.ru © government.ru

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзі уәде еткендей, РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшылары Кенесары хан мен Кейкі батырдың мүрделерін елге қайтару туралы мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап. 


ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзі уәде еткендей, РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшылары Кенесары хан мен Кейкі батырдың мүрделерін елге қайтару туралы мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап. 

 

РФ Үкіметінің Төрағасы Д.А.Медведевпен кездесуде. Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесі көтерілді. Сочи, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы, 12 тамыз 2016 жыл. На встрече с Председателем Правительства РФ Д.А.Медведевым. Поднят вопрос возврата останков Кенесары хана и Кейки батыра. Сочи, Заседание Евразийского Межправительственного Совета, 12 августа 2016 года. At a meeting with the Chairman of government of Russia, Medvedev. The question regarding the return of the remains of Kenesary Khan and Keiki Batyr has been raised. Sochi, Meeting of the Intergovernmental EEU Council, August 12, 2016

Видео опубликовано Karim Massimov (@kmassimov)

Дмитрий Медведев  бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты.

"Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламын", - деп жауап берді Д.Медведев К.Мәсімовтің ұлт көсемдерінің мүрделерін көму үшін Қазақстанға қайтару туралы өтінішіне.

Бұдан бұрын Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен аталмыш жәдігерді қайтару туралы мәселені талқылайтыны туралы өзінің Твиттерінде жазған еді. 

Қазақстан үшін аса құнды жәдігерді кеңес дәуірінен бері қайтаруға бірнеше мәрте ұмтылыс жасалды. Соңғы кездері бұл тақырып, әсіресе, әлеуметтік желілерде жиі көтеріле бастады. Мәселен, қазақстандық Нұрлан Әміреқұлов Facebook әлеуметтік желісінде осы тақырыптағы постын жариялады.

Ресейлік әріптесімен кездесу кезінде Кәрім Мәсімов Астанада өтетін XIII Аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты мәселелерді де талқылады. Атап айтқанда, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тәрізді ірі көлік жобаларын жүзеге асыру барысы сөз болды. Жайық трансшекаралық өзеніне қатысты тақырыпқа баса назар аударылды. Премьер-Министр бұл мәселе бойынша үкіметаралық келісімге қол қоюды ұсынды.

Сонымен қатар логистика, шекара маңы ынтымақтастығы және нақты экономика саласындағы басқа да маңызды мәселелер бойынша өзекті тақырыптар талқыға салынды.

Дмитрий Медведев көршілес мемлекеттердің екіжақты қарым-қатынасы тұрақты әрі жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети