07 сәуір 2016 21:39

Кембридждің 28 жастағы түлегі Қазақстанда ұлттық холдингтің басшысы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсел Жиенбаева. © "Зерде" холдингі" АҚ баспасөз қызметі Әсел Жиенбаева. © "Зерде" холдингі" АҚ баспасөз қызметі

Кембридждің 28 жастағы түлегі Әсел Жиенбаева Қазақстанда ұлттық холдингтің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Зерде" холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кембридждің 28 жастағы түлегі Әсел Жиенбаева Қазақстанда ұлттық холдингтің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Зерде" холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттану және ақпарат комитеті төрағасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 9-жбұ бұйрығымен Әсел Жұбанышқызы Жиенбаева "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әсел Жиенбаева 1987 жылғы 8 шілдеде дүниеге келген. Осыған дейін "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" РММ Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, "Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы" РМК директорының кеңесшісі, Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясының Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі жөніндегі департамент директоры лауазымдарын атқарған.

Әр жылдары Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясы Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқармасының ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, ақпараттық технологиялар жобалары жөніндегі менеджер лауазымдарын атқарды.

2014 жылы Кембридж университетінде компьютерлік ғылымдар саласында магистр дәрежесін алған. 2014 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ "Executive Management" бағдарламасы бойынша бітірген. 2010 жылы ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетінде компьютерлік ғылымдар саласында бакалавр дәрежесіне ие болған. 2005 жылы О.А. Жәутіков атындағы РМФМОМИ "Алтын белгі" төсбелгісімен аяқтаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети