13 қыркүйек 2023 17:46

Кемелбек Ойшыбаев "Хабар" агенттігі төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: gov.kz Сурет: gov.kz

Берік Уәлидің орнына "Хабар" агенттігін кім басқаратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Берік Уәлидің орнына "Хабар" агенттігін кім басқаратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кемелбек Ойшыбаев "Хабар Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалған Берік Уәлидің орнына келді. Бқл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, Geneva Business School-де (Швейцария) MBA бағдарламасын оқыған.

Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан" АА" ЖШС тілшісі болып бастаған.

2001 жылдан 2007 жылға дейін "Қазақтелеком" АҚ-да басшылық лауазымдарда еңбек еткен.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары.

2016 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2016-2017 жылдары "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма төрағасы.

2019 жылғы маусымнан бастап "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети