26 наурыз 2021 13:59

Кенесары хан мен Сыдық сұлтанның шын тарихы жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ сұлтаны Ахмет Кенесаринның "Насаб наме сұлтан Сыдық" кітабы жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақ сұлтаны Ахмет Кенесаринның "Насаб наме сұлтан Сыдық" кітабы жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі ақын Ербол Алшынбай қазақ тарихы үшін аса құнды еңбек сұлтан Ахмет Кенесаринның "Насаб наме сұлтан Сыдық" кітабын шағатайшадан қазақшаға аударып, ғылыми түсініктемелерін жазып, кітаптағы дерекке сай Кенесары хан мен сұлтан Сыдықтың жорық жолдарының картасын баспадан шығарды.

Кітап шағатайшадан қазақшаға тұңғыш рет аударылып отыр. Онда Кенесары хан мен оның әулеті, ұлы сұлтан Сыдық туралы көп дерек көрсетілген.

"Насаб наме сұлтан Сыдық" ұлттық көзқараспен жазылған, біздің халқымыздың мүддесі тұрғысынан пайымдалған тарихи еңбек. Жазбаның авторы Ахмет сұлтан Кенесарыұлы әкесі Кенесары хан мен ағасы сұлтан Сыдықтың сан қилы күреспен өткен өмірін көрген, сол күрестердің бел ортасында өзі де жүрген. Қазақтың соңғы ханының жолбарыстай жортып өткен өнегелі өмірін, оның Еуропалық үлгідегі әскермен бетпе-бет келген кезде, қаруы кемшін түссе де, ерекше әскери айлаларымен талай жеңіске жеткенін біз осы кітаптан көреміз" -делінген хабарламада.

"Насаб наме сұлтан Сыдық" кітабы Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорының демеушілігімен, "Фолиант" баспасынан 2000 данамен шығарылды. Кітаптың таныстырылымы 27 наурыз сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети