Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Кенесары ханның белдігі табылды 08 желтоқсан 2017, 09:15

Ресейдегі Санкт-Петербург этнографиялық музейінде қазақ ханы Кенесарының белдігі табылды. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Ресейдегі Санкт-Петербург этнографиялық музейінде қазақ ханы Кенесарының белдігі табылды. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында зерттеуші Берік Әбдіғалиұлы жазды.

1915 жылы артефактты "Алаш Орда" үкіметінің мүшесі Сейілбек Жанайдаров питерлік музейге тапсырған. Сөйтсек, экспонат сол күйі музей қорында "Ксе - пояс киргизского хана Средней Орды" деген атаумен сақталып тұр екен.

"Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен музейде оны өз көзімізбен көрдік", - деп жазды ол. 

Әбдіғалиұлы Сейілбек Жанайдаровқа ханның белдігі атасы Жанайдар Орынбайұлынынан қалғанын түсіндірді. Ол Кенесарының әскери қолбасшыларының бірі болған. Осылайша шайқастарда ерлік көрсеткен батырға сый жасалған екен.


Join Telegram